АҚШ-та әйгілі «Ханзада» әнінің авторы қайтыс болды, оның өлімі Майкл Джексондікімен ұқсас болып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та әйгілі «Ханзада» әнінің авторы қайтыс болды, оның өлімі Майкл Джексондікімен ұқсас болып отыр

22.04.2016
АҚШ-та әйгілі «Ханзада» әнінің авторы қайтыс болды, оның өлімі Майкл Джексондікімен ұқсас болып отыр

Музыканттың өлімі осыдан 7 жыл бұрын өзінің үйінде қайтыс болған, поп-музыка королі Майкл Джексонның өліміне ұқсас деп жазады Газета ру.

Бейсенбі, 21 сәуір күні АҚШ-тың Шанхассен қаласының полициясы Ханзада деген есіммен белгілі музыкант Роджерс Нельсонның Paisley Park резиденциясына шақырылды.  

Полиция қызметкерлері кісі өлімі болғанын бірден хабарлады. Алайда, өзге емес үй иесінің қайтыс болғаны кейіннен мәлім болған.

«Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері тиісті шараларды қолданғанымен музыканттың өмірін сақтап қал алмаған», делінген полицияның мәліметтерінде. Бұл туралы Риа Новости агенттігі хабарлады.

Әзірге музыканттың өлімінің себебі белгісіз. Полиция оның себеп-салдарынан анықтауға енді ғана кірісті.  Сонымен қатар, кейбір ақпараттарда жедел жәрдем қызметкерлерінің әншіні лифтіде ес-түссіз жатқан жерінен тауып алғандығы айтылады. 

Хабарламаларға жазылу