Есімі аңызға айналған боксшы Мохаммед Әли қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Есімі аңызға айналған боксшы Мохаммед Әли қайтыс болды

04.06.2016
Есімі аңызға айналған боксшы Мохаммед Әли қайтыс болды

АҚШ-та тыныс алу проблемаларына байланысты ауруханаға жатқызылған есімі аңызға айналған боксшы Мохаммед Әли жұма күні қайтыс болды, деп хабарлайды NBC News.

74 жастағы Әли соңғы бірнеше күн жатқан Финикс ауруханаларының бірінде көз жұмды. Американдық телекомпанияға спортшының өлімі туралы ақпаратты оның отбасының өкілі растады, деп жазады РИА Новости.

Британдық Mirror басылымы 3 маусымда 74 жастағы американдықтың ауруханаға тыныс алу проблемаларына байланысты жатқызылғанын хабарлады. Кейінірек американдық Финикстегі емхана дәрігерлері есімі аңызға айналған боксшының туыстарына оның халі өте нашар екенін жеткізді. Дәрігерлер Әлиді Финикс ауруханасынан шығару мәселесін қарастырды, алайда бұл пациент үшін ауыр болады деген ұйғарымға келді.

Хабарламаларға жазылу