Әлемнің 84 елінде коронавирус жұқтырғандар көбейіп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемнің 84 елінде коронавирус жұқтырғандар көбейіп келеді

25.03.2021

Бразилияда коронавирустан қайтыс болғандар 300 мыңнан асты. Латын Америкасындағы мемлекет бүгінде ғаламдық пандемияның эпицентріне айналып отыр. 

Бразилия ковидтан адам өлімі жағынан дүниежүзі бойынша АҚШ-тан кейінгі екінші орында тұр. Кейбір бақылаушылардың пікірінше, мұндағы эпидемиялық ахуалдың соншалықты нашарлауына ұлттық деңгейдегі карантиннің жоқтығы мен вирустың жаңа варианттарының өршуі себепші. 

Құрама Штаттарға тоқталсақ, онда коронавирус жұқтырғандар 30 миллионнан асты. Сонымен қатар, қауіпті инфекциядан 545 мыңнан астамы қайтыс болған. 

Әлем бойынша Covid-19 диагнозы қойылғандар 125 миллионға жақындап, осы індетке шалдыққандар 84 елде көбейіп келеді. 

Германия канцлері Ангела Меркель болса, Пасха күндеріне жарияланған локдаунды доғарып, немістерден кешірім сұрады. Бұл шектеулер енгізілсе бес күн әрекет етіп, сәуірдің алғашқы күндері дүкендер жабылар еді. Алайда, карантинге халық наразылығы күшейгендіктен, үкімет басшысы бұрынғы жоспарын өзгертуге мәжбүр болып отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу