Шри-Ланкадағы жарылыс бойынша күдікті деп танылған 7 адам тұтқындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шри-Ланкадағы жарылыс бойынша күдікті деп танылған 7 адам тұтқындалды

22.04.2019

Оларды қамауға алу барысында 3 тәртіп сақшысы қаза тапты. Қазір күдіктілерге тергеу жүргізіліп жатыр. Айта кетсек, жексенбі күні Шри-Ланканың Коломбо қаласында 3 шіркеу мен 4 қонақүйде бомба жарылып, 200-ден астам адам мерт болып, 450-ге жуығы жараланды. Сегіз жарылыстың екеуін жанкештілер жасаған. Сондықтан билік елде коменданттық сағат жариялап, әлеуметтік желілерге тосқауыл қойды. Ал, жарылысқа жауапты адамдардың талаптары әлі белгісіз.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу