Басты Жаңалықтар Чили астанасының 3 миллионға жуық тұрғыны ауызсусыз отыр

Чили астанасының 3 миллионға жуық тұрғыны ауызсусыз отыр

Чили астанасының 3 миллионға жуық тұрғыны ауызсусыз отыр

Чили астанасы Сантьяго қаласының 3 миллионға жуық тұрғыны Майпо өзені суының ластығынан ауызсусыз қалды. Бұл туралы Франс Пресс агенттігі хабарлады.

«Толассыз құйған нөсер жаңбыр Майпо өзенін лайлады, бұл келеңсіз жағдай 3 миллионға жуық адамның  ауызсусыз қалуына ұрындырды», деп мәлімдеді Сантьяго губернаторы Клаудио Оррего.

Жергілікті БАҚ-тардың хабарлауынша, су беруді тоқтату кем дегенде бір тәулікке созылмақ.

Бөлісу