Петропавлда ондаған нысан сусыз қалды
Петропавлда 15 көпқабатты үй және бір балабақша мен мектеп ауызсусыз отыр. Түнгі 3:30-да құбыр жарылып, жалпы саны 19 нысан судан ажырап қалды. Қазір арнайы бригада мен техника құбырды ауыстыру жұмыстарымен айналысуда. Мамандар кешке дейін желі іске қосылып, Гоголь, Сәтпаев және Брусиловский көшелеріндегі нысандарға су беріледі деп отыр.
Динара Рақымжанова, Петропавл қалалық Ішкі саясат бөлімінің басшысы:
- Қазір оқиға орнында 3 бригада мен 47 арнайы техника, жалпы саны 80 адам жұмыс істеп жатыр. Ал, ауызсусыз қалған үй тұрғындары пәтер иелері кооперативіне немесе 109 апаттық нөміріне хабарласуын сұраймыз. Ауызсуды уақытша «Қызылжар су» серіктестігі жеткізетін болады.
Самат САПАРАЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда халықаралық көрме ашылды
06.03.2026, 20:59
Бүгін Ақ Паралимпиаданың алауы тұтанады
06.03.2026, 20:57
Тағдыр сынына мойымаған, қайсар мінезімен көпке үлге болған спортшы
06.03.2026, 20:54
Боччадан республикалық турнир өз мәресіне жетті
06.03.2026, 20:51
Әлем әйелдермен әдемі
06.03.2026, 20:50
Мемлекет басшысы халықаралық Қызыл Крест комитетінің президентімен кездесті
06.03.2026, 20:21
Мемлекет басшысы мереке қарсаңында бір топ қыз-келіншекті марапаттады
06.03.2026, 20:17
Президент мерекелік концертті тамашалады
06.03.2026, 20:16