Ақтөбеде 8 мың тұрғын ауызсусыз отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде 8 мың тұрғын ауызсусыз отыр

28.02.2022

Ақтөбе қаласының іргесіндегі 8 мыңнан аса тұрғын ауызсу мен жарықтың зардабын тартып отыр. Бұл аумақ бұрынғы саяжай орны болғандықтан, инженерлік желілер жоқ. Амалы таусылған тұрғындар бүгін тілшілерге назын айтты.

Елдімекен қалаға тиіп тұрса да,қоғамдық көлік дұрыс жүрмейді. Ең басты мәселе – ауызсу. Халық тіршілік нәрін құдық қаздырып ішіп отыр. Оның өзі лас дейді.

Тұрғындар мұндағы әр құдық үшін қазып берген адамдарға 300 мың теңгеден төлеген. Айтуларынша, аумақта 3 мыңға жуық оқушы бар. Оларға арнайы автобус қаралмаған. Сондықтан балаларды тұрғындардың өздері апарып-әкелуге

Бейсенбай Дүзелбаев, тұрғын:

2016 жылы жеке құрылыс салуға статусын алдық. Содан бері беріп келе жатқан уәделердің біреуі де орындалған жоқ. Бізге керегі – су, суды скважинадан 100 пайыз ішіп отыр осында тұратын халық. Интернет желісі өте нашар, қоғамдық көлік қатынамайды. Сосын балаларымызды Ақтөбенің қай түкпірінде мектеп бар, сонда тасып жатыр халық.

Сазды өзенін жағалай қоныстанған тұрғындар баспаналарын жеке тұрғын үй ретінде бірнеше жыл бұрын рәсімдеп алған. Әкімдік өкілдері болашақта су мен электр желісі мәселесін шешеміз дейді. Ал мектеп құрылысы туралы сөз қозғауға ерте.

Мамырғали Аққағазов, Астана ауданының әкімі:

Мына жерге мектеп салу үшін балалардың қауіпсіздігін ойлау керек. Ол жерде мектептің үстінде ұшақ қонатын аймақ болғандықтан, әзірге рұқсат етілмейді. Бұл ауданда су мәселесін де зерделеу жұмысы жүріп жатыр. Қазір су қорын барлау жұмысының қортындысына байланысты болады.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу