Ченнинг Татум «Kingsman 2: Алтын шеңбер» фильмінде ойнайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ченнинг Татум «Kingsman 2: Алтын шеңбер» фильмінде ойнайды

16.04.2016
Ченнинг Татум «Kingsman 2: Алтын шеңбер» фильмінде ойнайды

«Kingsman: Құпия қызмет» шытырман оқиғалы фильмінің жалғасы «Kingsman 2: Алтын шеңбер» (Kingsman: The Golden Circle) картинасының актерлік құрамына Голливуд жұлдызы Ченнинг Татум қосылды. Бұл туралы актер өзінің Twitter-дегі парақшасында жариялады.

Алайда, оның қай кейіпкердің рөлін сомдайтыны әзірге белгісіз.

Картинаның режиссері - Мэттью Вон. Сценарий авторлары - Дэйв Гиббонс, Джейн Голдман, Марк Миллар, Мэттью Вон.

Сондай-ақ, фильмде басты рөлдерді Тарон Эгертон, Джулианна Мур, Холли Берри сомдайды.

Картина 2017 жылы экранға шығады.

Хабарламаларға жазылу