Холли Берри «Kingsman: Құпия қызмет 2» фильмінде ойнайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Холли Берри «Kingsman: Құпия қызмет 2» фильмінде ойнайды

13.03.2016
Холли Берри «Kingsman: Құпия қызмет 2» фильмінде ойнайды

«20th Century Fox» киностудиясы Голливуд жұлдызы Холли Берриді «Kingsman: Құпия қызмет 2» (Kingsman: The Secret Service 2) фильмінің актерлік құрамына қосылуға шақырды. Ол Орталық барлау басқармасы басшысының рөлін сомдамақ.

Картинаның режиссері - Мэттью Вон. Сценарий авторлары - Дэйв Гиббонс, Джейн Голдман, Марк Миллар, Мэттью Вон.

Сондай-ақ, фильмде басты рөлдерді Тарон Эгертон, Джулианна Мур сомдайды. Алайда, бұл деректер әзірге ресми нақтыланған жоқ.

Туынды 2017 жылы экранға шығады. Айта кетейік, картинаның бірінші бөлімі 2014 жылы жарық көрді.

Хабарламаларға жазылу