Басты Жаңалықтар «Сенбілік таң» бағдарламасы дүниеге үш рет егіз бала әкелген Райкүл Рапишеваның шаңырағында

«Сенбілік таң» бағдарламасы дүниеге үш рет егіз бала әкелген Райкүл Рапишеваның шаңырағында

«Сенбілік таң» бағдарламасы дүниеге үш рет егіз бала әкелген Райкүл Рапишеваның шаңырағында

Дүниеге сәби әкелу – ерлік. Ал, қатарынан үш рет егіз балаларға өмір сыйлау сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес ерлік.

Ол қуанышты батыр ана былайша еске алады: «Күйеуім бір үйдің жалғызы болғандықтан оның қуанышында тіпті шек болмады. Егіз ұлым дүниеге келгенде, оларға Асан – Үсен деген сыңар есім берілді. Егіздер екі жасқа толғанда, тағы да егіз ұлды дүниеге алып келдім. Оларға да Ержан – Нұржан деген сыңар есім бұйырды. Екі рет егіз туған соң, араға үш жыл салып үшінші егіз қызды тудым. Қос қыздың атын Гүлмира – Эльмира деп қойдық. Ұл-қыздарымның барлығының есімін енемнің әпкесі Қыздаркүл әже қойған». 

Дүниеге қатарынан үш мәрте егіз бала әкелген алтын құрсақты батыр ана, еңбек ардагері  Райкүл Рапишеваның отбасымен сұхбатты бүгін Ұлттық арнадан сағат 09:00-де көре аласыздар.  

Бөлісу