Қыдырәлі мен Қарақат: Тікмінезділік жанұя жарастығын бұзады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қыдырәлі мен Қарақат: Тікмінезділік жанұя жарастығын бұзады (ВИДЕО)

15.04.2016
Қыдырәлі мен Қарақат:  Тікмінезділік жанұя жарастығын бұзады (ВИДЕО)

Ғашықтар күніне орайластырылған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

«Әйелдің бойында сабыр, шыдамдылық болса, бәріне қол жеткізеді. Махаббат - екі жастың бірінің бойындағы қасиеттерді, табиғи мінезді екіншісінің қабылдап, соған бейімделіп өмір сүруі. Осындай отбасында ғана береке болады. «Менікі дұрыс, менің қалауым» деген тікмінезділік жанұя жарастығын бұзады.

Жалпы, әйел мен ердің, ата-ана мен баланың бір-біріне деген қатынасының қалай болуы керектігі туралы ереже жоқ. Оның барлығын Шариғат бекітіп берген», дейді әнші жұп.  

Сонымен қатар, өнер иелері шығармашылықтағы жаңалықтарымен бөлісті.

Жақын күндері «Ұлытау» тобы, Қарақат Әбілдина және жетігенші қыздардың қатысуымен АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында концерт өтпек. Одан кейінгі гастрольдік сапар Берлин мен Стамбул қалаларында жалғасады.

Ал,  Астана күні қарсаңында «Ұлытаудың» 15 жылдығы, Қарақаттың сахнада жүргеніне 15 жыл толуы және  «АБК» тобының 20 жылдығына орай елордада үлкен кеш өтеді. 

«Маған «Осыншама күшті, уақытты  қайдан аласыз?», деген сұрақ жиі қойылады. Халықтың батасын алған сайын бойыма өздігінен бір күш келіп құйылып жатқандай болады», дейді продюсер Қ.Болманов.  

Әнші жұп таңғы бағдарлама студиясында Айнұр Тұрсынбаеваның сөзіне жазылған Нұрғожа Сейітжановтың «Бағым сен» әнін орындады.

 

Хабарламаларға жазылу