Алфавит ауыстырудың ұлттық тұрғыда тиімділігі қандай? (ВИДЕО)

13.04.2017

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұлт руханиятына қатысты дүниелерге тоқталды. Әлеуметтік желілерде әсіресе, латын әліпбиіне көшу мәселесі қилы пікір тудырып, қызу талқыға түсіп жатыр. Алфавит ауыстырудың ұлттық тұрғыда тиімділігі, пайдасы қандай?

Бұл сауалға бүгінгі «Басты тақырып» қонағы «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі жауап берді.

«Елбасы ұлттық идея деп айтуға тұрарлық, рухани жаңғыруымызға бағдар болатын мақаласында мұның пайдасын атап көрсетті. Яғни, ғылым мен білімнің заманында коммуникацияны жеңілдететін, әлемдік өркениетке қадам басатын құрал ретінде атап өтті.

Елбасы мақаласы – төрт құбыласы түгел, бүгінді, болашақты және өткенді қамтыған бағдарламалық мақала. Онда ұлттық код, жадыны жаңғырту, сананы сілкіндіру туралы айтады. Меніңше, латын әліпбиіне көшудің бұған да қатысы бар»,-дейді Дархан Қыдырәлі.

 

«Басты тақырып». Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу