Қыдырәлі мен Қарақат – «Бағалау керек бақытты» (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қыдырәлі мен Қарақат – «Бағалау керек бақытты» (ВИДЕО)

18.09.2016
Қыдырәлі мен Қарақат – «Бағалау керек бақытты» (ВИДЕО)

Әні: О.Қиынбаев

Сөзі: Д.Сағынтаев

Сен де менсіз, мен де сенсіз,
Жүре алмайды екенбіз.
Не себептен қайғырамыз бекер біз?
Қол ұстасып ажырамай,
Мәңгі бірге екеуміз,
Арманға жетерміз, маxаббатым.

Қайырмасы:
Өткізбес үшін жылдарды жалғыз, уақытты мұңды,
Бағалау керек, бағалау керек бақытты күнді.
Шаттыққа толып көңілің, өтеді сонда өмірің,
Жоғалмасын, жоғалмасын сенімің, серігің.


Еркелетіп күнім дейсін, білдіресің шын лебіз,
Сағынамыз кездессек те күнде біз.
Жұпарына жаны құмар, көбелек пен гүл де егіз,
Біз солай біргеміз, аңсағаным.

Қайырмасы:
Өткізбес үшін жылдарды жалғыз, уақытты мұңды,
Бағалау керек, бағалау керек бақытты күнді.
Шаттыққа толып көңілің, өтеді сонда өмірің,
Жоғалмасын, жоғалмасын сенімің, серігің.


Сен де менсіз, мен де сенсіз...

Хабарламаларға жазылу