Транскаспий көлік бағдары консорциумы бекітілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Транскаспий көлік бағдары консорциумы бекітілді

14.04.2016
Транскаспий көлік бағдары консорциумы бекітілді

Консорциум қатысушылары, «KTZ Express» АҚ (Қазақстанның мультимодалды операторы), «ADY Express» ЖШҚ (Әзірбайжан операторы), «Транс Кавкасус Терминалс» ЖШҚ (Грузия операторы) және «ACSC Logistics» ЖШҚ (Каспий теңізінде паром тасымалдаушы оператор, Әзірбайжан), Халықаралық транскаспий көлік консорциумының бірінші жалпы отырысын өткізіп, Бақылау Кеңесінің құрамын бекітті, деп хабарлайды «KTZ Express» акционерлік қоғамының PR-қызметі.

Консорциумның басты міндеті Транскаспий халықаралық көлік бағдарына  (ТХКБ) қатысушы елдер арасында  тауар айналымын арттыру, кедергісіз тасымалдау жүйесін қалыптастыру. Сонымен қатар, Келісім аясында тараптар  бағаларды қалыптастыруда біртұтас саясат ұстанып, бағыт бойынша бәсекелес мөлшерлерді қою туралы келісті.  Қол қоюшылар клиенттерге ыңғайлы жағдай құру, тасымалдау сапасын жақсарту, осылайша, ТХКБ бағдарына жаңа әлемдік деңгейдегі операторларды тартуды көздеп отыр.

ТХКБ бұл Каспий аймағындағы елдердің транзиттік мүмкіндіктерін арттыру мақсатында құрылған жоба. Аталмыш бағдар Қытайдан Қазақстан, Каспий теңізі, Әзірбайжан, Грузия, Түркия және ары қарай Еуропа едеріне дейін созылған.

ТХКБ қатысушыларының бірлескен жұмыстары нәтижесінде «Nomad Express» контейнерлік қызмет түрі жасақталды. Контейнер пойыздары Қытайдан Әзірбайжан мен Түркияға жөнелтіліп, сынақтан өтті. Бұл пойыздардың операторы  KTZ Express компаниясы.

Халықаралық транскаспий көлік консорциумының бірінші жалпы отырысына қатысушылар бұл жобаның басымыдылықтарын, еуразия континентінде көліктік әлеуетті барынша тиімді пайдалану мүмкіндіктерін, соның ішінде сауда-саттық қарым-қатынасты күшейте түсуге болатындығын атап өтті.  Есесіне Оңтүстік және шығыс Еуропа және Балтық елдерімен әріптестік байланысты күшейте түсу мүмкіндігі артады. 

Болашақта осы бағдар арқылы Африка, Оңтүстік Еуропа, АҚШ, Канада және Оңтүстік Америка елдеріне, сонымен қатар Патуми/Поти порттары арқылы Кавказ, Орталық Азия, ҚХР елдеріне тасымалдау жүйесі күшейтіле түседі. 

Хабарламаларға жазылу