Үш жылда жаңадан 1300 шақырым теміржол пайдалануға беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үш жылда жаңадан 1300 шақырым теміржол пайдалануға беріледі

24.11.2023

Алдағы үш жылда жаңадан 1300 шақырым теміржол пайдалануға беріледі. Бұл Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге аспақ. Бүгінде көлік-логистикалық әлеуетті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді.

Атап айтсақ, үш жылдың ішінде 1300 шақырым жаңа теміржол пайдалануға беріледі. Ал 2030 жылға дейін 11 мың шақырым шойын жол толық жөндеуден өтеді. Ал, теңіз порттарының қуаты 30 млн тонна болады. Бүгінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүк тасымалдау 2 есеге өсіп, жаңа газ өңдеу қуаттарының құрылысы жалғасып жатыр.

Тәуір Бозекен


Хабарламаларға жазылу