Балаға ойыншық таңдарда есте ұстауға тиісті жайттар (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балаға ойыншық таңдарда есте ұстауға тиісті жайттар (ВИДЕО)

14.04.2016
Балаға ойыншық таңдарда есте ұстауға тиісті жайттар (ВИДЕО)

Соңғы кездері сапасыз ойыншық сатып аламын деп, баласына ауру «сатып алатын» ата-аналардың саны артты. Арзанқол ойыншықтар балалардың ағзасымен қоса, санасын да улап жатыр.

«Бэтмен», «Өрмекші адам», «Шрек», Барби қуыршақ, «Маша мен аю» - қазіргі балалардың сұранысындағы мульткейіпкерлер.

Сондай-ақ, кез келген бала сазбалшықпен ойнағанды ұнатады. Сондықтан, қазір саздың түрлі қалыпқа тез келетін жеңіл түрі пайда болды. Сонымен қатар, пайда болғанына бір ғасыр өтсе де, ермексаз бүлдіршіндердің таңдауынан түспей келеді.  

«Технологияның дамыған заманында баланың бойында агрессиялық мінез-құлықтың қалыптасуына әкелетін ойын және ойыншық түрлері өте көп. Ата-аналар оның баланы қандай іс-әрекетке бағыттайтынын бақылап, қадағалап отыруы тиіс», дейді психолог Жаңагүл Тұрманова.

Ал, гаджеттер мен интернеттегі ашық ақпаратқа қалай тосқауыл қоямыз? 

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз. 

Хабарламаларға жазылу