Петропавлда жасөспірім дәрігерді соққыға жыққан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда жасөспірім дәрігерді соққыға жыққан

24.10.2023

Петропавлда аурухана қызметкерлеріне «тапанша» кезеп, дәрігер мен науқастардың бірін соққыға жыққан жасөспірімдер ұсталды.

Оқиға облыстық балалар ауруханасында болған. Емдеу мекемесіне баса-көктеп кірген 3 балаға дәрігерлер ескерту жасаған. Алайда олар ақ халаттыларды балағаттап, «қарумен» қорқытып, қызметтік сатымен 2-ші қабатқа көтерілген. Күдіктілердің бірі ем қабылдап жатқан 15 жастағы қызды тауып алып, соққының астына алған. Араша түскен нейрохирург дәрігерді балдақпен ұрған. Полиция оларды ұстады. Тапанша ойыншық болып шықты. «Бұзақылық» дерегі бойыншы қылмыстық іс қозғалды.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу