Ақмола облысында оқушы қауіпті қылмыскерді ұстауға көмектесті
Ақмола облысында 15 жастағы жасөспірім полицейлерге аса қауіпті қылмыскерді ұстауға көмектесті. Оқиға Щучинск қаласында болған. Адам өлтірді деген күдікпен іздестіріліп жатқан ер адам жасөспірімнің отбасына тиесілі жеке аумақта жасырынған.
Оны байқап қалған оқушы бірден құзырлы органдарға хабарласып, мән-жайды баяндапты. Тіпті, тәртіп сақшылары келгенше күдіктінің артынан аңдып, көмек қолын созған. Қазір қылмыскер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал 10-сынып оқушысы Мирас Шаймерденовтың бұл еңбегі елеусіз қалмады. Облыстық полиция департаментінің бастығы оған арнайы сыйлық табыс етіп, алғысын жеткізді.
Мирас Шәймерденов, оқушы:
Дәл сол уақытта полиция қызметкерлері осы күдіктіні іздестіріп жүрген екен. Мен видео арқылы сонда жұмыс істейтін ағама хабарласып, қылмыскердің түр-тұлғасын көрсеттім. Кейін ол менің телефонымды жұлып алды. Бірақ мен сасқалақтамай, ол кісіні ауладан шығарып жібердім. Артынан аңдып, құзырлы орган өкілдерінің келгенін күттім.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық өнердің ұстаханасы жаңартылады
27.07.2026, 20:58
Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
27.07.2026, 20:56
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
27.07.2026, 20:06
«Болашақ ойындары – 2026»: Халықаралық командалар Астанаға жинала бастады
27.07.2026, 20:04
БҚО-да 116 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды
27.07.2026, 20:04
Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста
27.07.2026, 20:03
«Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғи аумақтар тазартылды
27.07.2026, 20:02
Маңғыстаудың жартас мешіттері Дүниежүзілік мұралар тізіміне қосылды
27.07.2026, 20:01