Бүгінгінің балалары немен ойнайды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгінгінің балалары немен ойнайды?

18.02.2016
Бүгінгінің балалары немен ойнайды?

Кез келген бала үшін ең құнды сыйлық – ойыншық. Ертедегі балалар ағаш атқа мініп, асық ойнаса, бүгінгі балалардың талғамы мен талабы тіптен бөлек. Әрі соған сай қазіргі нарықта ойыншықтың түр-түрі кездеседі.

Алайда, олардың сапасы мен бала тәрбиесіне тигізер әсері шамалы. Әрі тез сынғыш келетін материалдан жасалған ойыншықтың бала денсаулығына қауіпті екенін дәрігерлер де айтып келеді.

Қазақ балаларының ойыншығы қандай кейіпте? Бүгінгі балалар қандай ойыншықпен ойнайды? Олар кімге ұқсағылары келеді?

Хабар барысында студия қонақтары есте қалған ескі ойыншықтар мен ойындарды еске түсіретін болады. Бүгін 20:20-да көріңіз.

Хабарламаларға жазылу