«Денар» тобының құрамы өзгерді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Денар» тобының құрамы өзгерді (ВИДЕО)

17.11.2015
«Денар» тобының құрамы өзгерді (ВИДЕО)

«Денар» тобының әншілері Әліби Кәдірбаев, Естай Бекбергенов, Берік Мұхиддинов бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.

Топқа жаңадан қосылып жатқан Берік Мұхиддинов бұған дейін Ұлықпан Жолдасовпен бірге жұмыс істеген,  «Каспий» тобының құрамында болған.

«Топқа қосылғаныма бір айдай болып қалды. Қазір жаңа әндер жазылып жатыр. Алдағы он күнде халық назарына ұсынамыз»,-дейді ол.

Ал, топтың бұрынғы мүшесі Ернар Жұматаев қазір «Денардың» продюсері.

Кешегі өткен «Сағындырған әндер-ай» кешінде топ Гүлнұр Оразымбетовамен дуэт айтты. Бұл турасында топ мүшелері: «Кеште халық әні «Жүгіріп шықтым белескені» орындадық. «Денар» тобы бұл кешке осымен сегізінше рет қатысып отыр»,-дейді.

Жуырда жеке студияларын ашқан топ: «Жеке студия ашу кез келген әншінің арманы. Шығармашылығыңмен кеңінен жұмыс істеуге өте ыңғайлы»,-дейді.

Топтың орындауындағы «Аңсағаным» әнін «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар

 

Хабарламаларға жазылу