Самал - «Азиялық Оскардың» иегері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Самал - «Азиялық Оскардың» иегері

18.03.2019

Қазақтың Самалы - «Азия Оскарының» иегері. Канндағы кинофестивальден кейін есімі көпке танылған Самал Еслямова енді «Азияның үздік актрисасы» атанды. Сергей Дворцевойдың «Айка» кинокартинасындағы рөлі үшін Гонконгтағы Азия кинокамедиясының сыйлығын алды, - деп хабарлады Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы. Қырғызстандық қыздың Мәскеудегі қиыншылыққа толы өмірін суреттейтін «Айка» фильмі көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп үлгерді. Әсіресе, Самал сомдаған рөлге мамандар да, көрермендер де жоғары баға берді. Самал өткен жылы 71-ші Канн фестивалінде «Үздік әйел» рөлі аталымында жеңімпаз атанған.    

 

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу