Канн фестивалінде қазақстандық фильмдер көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канн фестивалінде қазақстандық фильмдер көрсетіледі

16.05.2014
Канн фестивалінде қазақстандық фильмдер көрсетіледі
Канн фестивалінде байқаудан тыс Әділхан Ержановтың «Қожайындар» және Марғұлан Қапашевтың «Еркін құстар» фильмі көпшілік назарына ұсынылады.
 
Әділхан Ержановтың туындысы бағдарламаның негізгі бөлігінде емес, қосымша тізімді ұсыну барысында көрсетіледі. Режиссердің өзі Канн фестиваліне алғаш рет қатысады. Оның шығармасы ауылдағы үйді өзара бөлісе алмай, дал болған екі жанұя туралы. 
 
«Мен әрдайым фильмнің ең керемет таныстырылымын армандағаным сөзсіз. Менің шығармашылығым негізінен фестивальдерге баратын кино жанашырларының белгілі бір бөлігіне ғана қызықты», - дейді ол.
 
Байқауға әлемнің 128 мемлекетінен фильмдер түскен. Канн фестивалінің қазылар алқасына Джейн Кэмпион жетекшілік етпек. Ол Алматыдағы «Еуразия» кинофестивалінде байқау комиссиясына басшылық еткен, деп хабарлайды art.gazeta.kz.

Хабарламаларға жазылу