«Parasat maidany»: «Grace Kelly: Күлше қыздың тағдыры» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Parasat maidany»: «Grace Kelly: Күлше қыздың тағдыры»

17.09.2018

Қыркүйектің 14-інде «Parasat maidany» хабарының кезекті саны жарыққа шықты.

Бағдарламаға қонаққа актриса Самал Еслямова, режиссер Елзат Ескендір келді.

Хабарда «Grace Kelly: Күлше қыздың тағдыры» тақырыбы көтерілді.

Грейс Келли – аты әлемге танылған актриса, Оскар сыйлығының иегері, Монако ханшайымы.

Ол технологияға иек артқан жаңа ғасырда ертегідегідей махаббат хикаясын бастан кешірген.

Ол АҚШ-тың Трансильвания Штатындағы ең бай отбасында өмірге келген. 1956 жылы Монако князімен шаңырақ көтереді. Ханзада мен актрисаның тойының  55 млрд. долларлық барлық шығынын  «Metro-Goldwyn-Mayer» кинокомпаниясы өз мойнына алған. Той дастарханынан 3000 адам дәм татып,  миллиондаған адам теледидардан тамашалаған. Бұл той тарихта «ғасыр тойы» деген атаумен қалды.  

Монако мемлекеті сол кезде қоңыр тіршілігін кешіп жатқан қарапайым ел еді. Дәл Голливуд жұлдызы мен Монако ханзадасының тойы бұл елді әлемге танытты. Осыдан кейін Монакода әлемдегі ең бай адамдар демалып, кәсіп ашуды әдетке айналдырған. 

Грейс Келлидің заманындағы кино жұлдыздары бақуатты, аристократ тұлғаларды ойнаса, қазір шынайы кейіпкерлер – сәнде. Мысалы, Самал Еслямова «Айка» атты иммигрант қыздың рөлін сомдап, Канн фестивалінде «Үздік акртиса» номинациясын жеңіп алды.

«Мені көрерменім сол кейіпкер ретінде қабылдаса, мен үшін үлкен мәртебе» дейді ол. Сонымен бірге Канн фестивалінде сыйлықты алған сәтте, не болып жатқанын толық түсінбегенін айтады. Ол өз киносының Канн фестивалінде жеңімпаз атануына – адамның ішкі сезімдерін шынайы беруі себеп болған дейді. Егер талантты режиссер мен талантты актриса жолықса, міндетті түрде сапалы дүние шығатынын айтты.

Елзат Ескендірдің айтуынша, «көрермен де адам. Ал адамның басынан әртүрлі жағдайлар өтеді. Ол бай, бақытты, романтикалық дүниелерді бастан өткізуі мүмкін. Сонымен бірге қиын жағдайды, күйзелісті де. Сондықтан кинода екеуінің де орын алуы заңды».

Естеріңізге сала кетейік, «Parasat maidany» әр аптаның жұма күні 23:50-де жарыққа шығады.

Хабарламаларға жазылу