Астана қаласында туған. Целиноград медицина институтын, «Тұран» университетін бітірген. 1992-1995 жылдары - Ақмола қалалық инфекциялық ауруханасының дәрігері.
1995-1997 жылдары - Ақмола медицина институтының доценті. 1997-2000 жылдары - Ақмола қалалық инфекциялық ауруханасының дәрігері, бас дәрігері. 2000-2005 жылдары - Астана қалалық денсаулық сақтау департаментінің директоры.
2005-2006 жылдары Астана қаласы 1-ші ауруханасының бас дәрігері. 2006-2008 жылдары Қарағанды облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры болған.
2009-2010 жылдары - ҚР ДСМ Медициналық қызмет көрсету саласын бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің директоры болды.