Қазақ радиосының «Қас қағым» радиоойынына қатысып, iPhone 5 смартфонын ұтып алыңыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ радиосының «Қас қағым» радиоойынына қатысып, iPhone 5 смартфонын ұтып алыңыз

01.04.2016
Қазақ радиосының «Қас қағым» радиоойынына қатысып, iPhone 5 смартфонын ұтып алыңыз

Әнші Ақылбек Жеменей 15 сәуірде Алматыдағы Республика сарайында өтетін шығармашылық кешіне орай байқау жариялайды.

Байқау kaztrk.kz порталында, Қазақ радиосында және әншінің Instagram желісіндегі парақшасында (@zhemeney) екі кезең бойынша ұйымдастырылады.

Алғашқы кезеңде 4 сәуірден бастап Қазақ радиосынан дүйсенбі-жұма күндері сағат 11:35-те басталатын «Қас қағым» радиоойынында Ақылбек Жеменейдің орындауындағы әндерден үзінді жасырылады. ЕСКЕРТУ: Әндер соңынан басына қарай ойнайды.

Байқау 5 күнге жалғасады. Ал, 8 сәуірде байқаудың қорытындысы шығарылады. Бес күн бойы эфирде жасырылған әндерді дәл тауып, Қазақ радиосына бірінші болып хабарласқан адам (Байланыс телефоны: 8 (717) 2 55-33-55) жеңімпаз атанады. Жүлдегерге Ақылбек Жеменей ұсынған iPhone 5 смартфоны табысталады.

Сонымен қатар, «Қас қағым» радиоойынына қатысып, Ақылбек Жеменейдің концертіне билеттер ұтып алыңыз. Ол үшін радио жүргізушілері қойған үш сұраққа мүдірмей жауап беру керек.

 Қазақ радиосы қосулы болсын! 4-8 сәуір аралығында, сағат 11:35-те. 

Хабарламаларға жазылу