«Жыл таңдауы-2016» жобасына қатысып, тегін билет ұтып алыңыз! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жыл таңдауы-2016» жобасына қатысып, тегін билет ұтып алыңыз!

07.11.2016
«Жыл таңдауы-2016» жобасына қатысып, тегін билет ұтып алыңыз!

16 қарашада Алматы қаласындағы «Алматы Арена» мұз сарайында «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның ұйымдастыруымен «Жыл таңдауы-2016» жобасы  өтеді.

Бұл - шоу-бизнес көшіне енді ілескен жаңа есімдер, сахна саңлақтары, хит-парад төрінен алыстамайтын жұлдыздардың бас қосып, көрерменге есеп беретін кеші.

Сонымен қатар, Қой жылының қорытындысы - үздік əн таңдалады.

Кештің шетелден келетін сыйлы қонағы - «Istersern» əнімен миллиондаған тыңдарманның жүрегін жаулаған түрік әншісі Бурай.

kaztrk.kz порталы  аталмыш кешке қатысып, жыл үздіктерін анықтауға атсалысқысы келетін көрермендер арасында тегін билеттер ойнатады.

Ол үшін kaztrk.kz аккаунтында жарияланған суреттің астына «Байқауға қатысамын» деген пікір қалдыруыңыз қажет. Ал, өз парақшаңыздағы жазбада @kaztrk_kz аккаунты мен  #ЖылТаңдауы хэштегін көрсету міндетті.

Талапты толық орындаған әрбір қатысушыға жеке нөмірден беріледі. Жеңімпаздар кездейсоқ сандар генераторы арқылы анықталады.

Асығыңыз, билеттер саны шектеулі!  Шараның басталуы: 18:00-де.

Хабарламаларға жазылу