Қазақ радиосын тыңдап, сыйлық ұтып алыңыз! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ радиосын тыңдап, сыйлық ұтып алыңыз!

20.09.2014
Қазақ радиосын тыңдап, сыйлық ұтып алыңыз!

Астана қаласы Мәдениет басқармасының қолдауымен 22-28 қыркүйек аралығында Астанада алғаш рет ерекше форматта өтетін драматург, ақын, актер, дәстүрлі әнші, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының Әдебиет бөлімінің меңгерушісі - Қанат Жүнісовтің «Жас қала, жас қаламгер» атты шығармашылық апталығы өтеді.

Аталмыш шараға тегін билет ұтып алығыңыз келсе, Қазақ радиосын тыңдаңыз. Дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13:05-те әуе толқынына шығатын «Көңілашар» сазды-сағатының «Қас қағым» радиоойынына қатысып, жеңімпаз атанғандар сыйлыққа ие болады. Ойын шарты бойынша, тыңдармандар 3 сұраққа мүдірмей жауап беруі керек. Ендеше, Қазақ радиосы қосулы болсын!

Айта кетейік, Қанат Жүнісов 1974 жылы 22 ақпаңда ШҚО Аякөз ауданының Тарбағатай ауылында дүниеге келген. Театр сахнасында Үкілі Ыбырайдың, С.Сейфуллиннің, тағы басқа кейіпкерлердің бейнесін сомдаған. 2006 жылы «Ханшайым» атты алғашқы ән жинағы жарық көрген. «Астана» радиосында әуе толқынына шығатын «Жұлдызды Астана» хит шеруінде Қ.Жүнісовтің сөзіне жазылған отызға жуық ән жеңімпаз деп танылды.

Хабарламаларға жазылу