Ақылбек Жеменей ұсынған iPhone 5-тің иегері анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақылбек Жеменей ұсынған iPhone 5-тің иегері анықталды

08.04.2016
Ақылбек Жеменей ұсынған iPhone 5-тің иегері анықталды

15 сәуірде Алматыдағы Республика сарайында әнші Ақылбек Жеменейдің шығармашылық кеші өтеді. Әнші өзінің шоу-концертіне орай байқау жариялаған еді.

Байқаудың алғашқы кезеңі ұлттың үнжарғысы – Қазақ радиосында ұйымдастырылды.

4-8 сәуір аралығында Қазақ радиосының әуе толқынынан сағат 11:35-те эфирге шығатын «Қас қағым» радиоойынында Ақылбек Жеменейдің орындауындағы әндерден үзінді жасырылды.

Бүгін байқаудың алғашқы кезеңінің қорытындысы шығарылды. Додада 5 күн бойы Қазақ радиосынан жасырылған әндерді дәл тапқан Алматы қаласының тұрғыны Гауһар Асханова жеңімпаз атанып, iPhone 5 сматрфонын иеленді.

Жеңімпазға сондай-ақ, шоу-концертке тегін билет те ұсынылмақ.

С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің қызметкері Гауһар Асханова Жетісу өңірінде дүниеге келген.

«Күтпеген жерден сыйлыққа ие болдым. Әрине, байқауға тыңғылықты дайындалғаным рас. «Мені тікелей эфирге қоспай, өз туыстарына көбірек мүмкіндік беретін шығар», деген ой менде де болды. Бірақ, ойын әділ өтті. Оған көзім жетті. Ақылбек Жеменеймен де, байқауды ұйымдастырушылармен де туыстық байланысым жоқ. Осындай зор қуанышқа кенелткен әнші Ақылбек Жеменейге, kaztrk.kz порталына және Қазақ радиосына алғысым шексіз», - дейді жеңімпаз.

Айта кетейік, байқаудың екінші кезеңінің шарттары алдағы күндері kaztrk.kz порталында жарияланады. Бас жүлде -  iPhone 6 смартфоны. Назарларыңыз бізде болсын!

Хабарламаларға жазылу