Қазақстандықтар мамыр айында демалыс күндерді қоса есептегенде 12 күн демалады.
Мамырда елімізде үш мемлекеттік мереке тойланады. 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Бұл күн жексенбіге сәйкес келетіндіктен, мереке дүйсенбіге ауыстырылады. Демалыс күндер - 1-2 мамыр.
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні. Бұл күн сенбі-демалысқа сәйкес келіп тұрғандықтан, 10 мамыр - жұмыс күніне ауыстырылады. 9 мамыр - Жеңіс мерекесінде республика халқына бір күн демалыс беріледі.
Осылайша, ел тұрғындары 1-2 және 7-10 мамыр аралықтарында демалады.
Еске сала кетсек, 2012 жылдың қазан айында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «ҚР Мемлекеттік мерекелер туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы» құжатқа қол қойды. Ол бойынша 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні болып белгіленді.