Қазақстандықтардың басым бөлігі елдегі ахуалды оң бағалайды
Қазақстандықтардың 79,3 пайызы
елдегі ахуалды қолайлы деп санайды. Бұл – Қазақстандық қоғамдық даму
институтының жүргізген сауалнамасының нәтижесі. Экономикалық жағдайға да оң
баға бергендер көп. Респонденттердің 72,9 пайызы ел экономикасының қазіргі
ахуалын жақсы деп бағалаған. Сауалнамаға қатысқандардың 83,6 пайызы өз өміріне
көңілі толатынын айтқан. Ал респонденттердің 69,1 пайызы отбасы табысы
сақталғанын немесе артқанын мәлімдеген. Азаматтардың 49,5 пайызы соңғы бір
жылда өмірі мен отбасының әл-ауқаты жақсарғанын айтқан. Бұл көрсеткіш әсіресе
жастар арасында жоғары. 18-28 жастағылардың 57,7 пайызы, ал 29-45 жастағылардың
50,6 пайызы өмірлерінде оң өзгеріс болғанын атап өткен.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13
Шағын және орта бизнестен жұмыс тапқандар көбейді
16.10.2026, 20:12