Қытайдағы су тасқынынан 42 мың адам эвакуацияланды
Қытайда тағы су тасқыны болып 42 мың адам эвакуацияланды. Толассыз жауған нөсер салдарынан өзен-көлдердің деңгейі көтеріліп, 24 елді мекенді су басты. 250-ге жуық су қоймасы толып, шұғыл түрде су жіберу туралы шешім қабылданған. 10 қала мен уезде мектеп және балабақшалар жабылып қалды. Кейбір таулы жерде лай көшіп, жолда қозғалыс шектелді. 16 көпірді су шайған. Қазір құтқару жұмыстары жалғасуда. Оқиға Хайнань аймағында болып жатыр. Бұл қазақстандықтар жиі баратын өңір. Жергілікті метеорологтар геологиялық апат қайталануы мүмкін деген болжам жасап отыр. Сондықтан бұл жаққа саяхаттауды жоспарлаСаңыз кейінге қалдыра тұрған дұрыс.
Ма Баоюй, Ваннин орта мектебі әкімшілік орталығының директоры:
Табиғи ахуалға байланысты оқушылар жаппай қауіпсіз жерге шығарылды. Қазір тек жатақхана тұрғындары мен мұғалімдер ғана қалды. Оқу бүкіл аймақ бойынша тоқтатылды. Сонымен қатар барлық туристік нысандар жабылды. Қазір аймақтың оңтүстік теңізге жақын бөлігі аса қауіпті болып тұр. Табиғи ресурстар министрлігі мен Ұлттық метеорология басқармасы қатаң ескерту жариялады.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14