«Ыбырай өсиеті» қойылымы сахналанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ыбырай өсиеті» қойылымы сахналанды

14.10.2014
«Ыбырай өсиеті» қойылымы сахналанды

Қостанайдағы орыс драма театры биылғы маусымын «Ыбырай өсиеті» спектаклімен ашты. Бір ерекшелігі бұл жолы басты рөлді қазақ театрының әртісі сомдап, қойылым екі тілде қатар сахналанды.

Спектакль әуелде қазақ тілінде жазылып, кейін Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалы ұсынымен орысшаға аударылған.

Қойылымда Ыбырай өмірінің бір кезеңі, мектеп ашудағы қайраткерлігі көрсетілген. Ұлы ағартушының отаршылдыққа қарсы күрескерлігі мен көпшілікке беймәлім адами қырлары да қамтылған.

Облыстағы орыс, қазақ театрларының әріптестігі де көпшілік құптаған бастама болды.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

 

Хабарламаларға жазылу