«Томирис» қойылымы сахналанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Томирис» қойылымы сахналанды

02.11.2021

Оралда Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Томирис» трагедиясы сахналанды. Премьера атақты массагет патшайымы билеген дәуірдің шиеленіске толы оқиғаларын бейнелейді. Қойылым режиссері - Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мұрат Ахманов. Ана мен бала, әке мен ұл, туыс-жекжат арасындағы тақталас, бақталас театр тілімен көркемделген. Пандемия кезінде сахнаны сағынып қалған көрермен қойылымды жылы қабылдады.

Мұрат Ахманов, қойылым режиссері:

«Томирис» қойылымын бүгінгі күнге үндестіріп қойдым. Драматургияда пьеса жазған Шахимарданның да көздеген мақсаты осы. Қай кезде де классика заманмен үндес шығады ғой. Сол себепті спектакль басқаша форматта қойылды.


Хабарламаларға жазылу