Құны шамамен 35 миллион долларға бағаланып отыр. Оңтүстік Африкадан әкелінген асыл тас 2000 жылы лондондық зергерлік үйдің топтамасын толықтырған.
Алдағы күндері гауһар тас Женева, Нью-Йорк, Сингапур мен Тайбэйде өтетін көрмеге қойылуы тиіс. Ал, 5 сәуірде Гонконгтағы аукционда саудаға шығарылады.