81 жыл бұрын ҚР Мемлекеттік Әнұранының авторы  Жұмекен Нәжімеденов дүниеге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

81 жыл бұрын ҚР Мемлекеттік Әнұранының авторы  Жұмекен Нәжімеденов дүниеге келді

28.11.2016
81 жыл бұрын ҚР Мемлекеттік Әнұранының авторы  Жұмекен Нәжімеденов дүниеге келді

28 қараша, дүйсенбі, 2016 жыл

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

11  жыл бұрын (2005) Қызылорда облысының Сырдария ауданында күріш өндіретін жаңа зауыт іске қосылды. Жоба құны үш миллион АҚШ долларын құрайды. Зауыт күніне 300 тоннаға дейін күрішті қайта өңдеп және қаптай алады. 

11 жыл бұрын (2005) Қызылорда облысының Сырдария ауданында күріш өндіретін зауыт ашылды.

11 жыл бұрын (2005) Алматыда қазақстандық «Ұлытау» аспаптық ансамблінің алғашқы жеке альбомының таныстырылымы болды.

82 жыл бұрын (1934) Қазақ ұлттық мәдени  ғылыми-зерттеу институты өз жұмысын бастады.

 

ЕСІМДЕР

128 жыл бұрын (1888-1952) Халық ақыны ТӘЖІБАЕВА Айманкүл дүниеге келді.

88 жыл бұрын (1928-1996) биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның Еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері СЫБАНБАЕВ Серікхан дүниеге келді.

92 жыл бұрын (1924-2008) тау-кен инженері, мемлекет және қоғам қайраткері ОМАРОВА Зауре Сәдуақасқызы дүниеге келді.

81 жыл бұрын (1935-1983) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранының (мәтіні) авторы, көрнекті ақын, аудармашы, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері НӘЖІМЕДЕНОВ Жұмекен Сабырұлы дүниеге келді.

60 жыл бұрын (1956) К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының солисі МОМБЕКОВ Байғали Түймебайұлы дүниеге келді.

259 жыл бұрын (1757-1827) ағылшын жазушысы және суретші Уильям БЛЕЙК дүниеге келді.

136 жыл бұрын (1880-1921) орыс ақыны БЛОК Александр Александрович дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу