«Дара жолда» Әдібай Табылды қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Дара жолда» Әдібай Табылды қонақта

12.03.2016
«Дара жолда» Әдібай Табылды қонақта

Әдібай Табылды – тоқсанға келгенше шәкірт тәрбиелеуден қол үзбеген педагог, ақын, жазушы.

Бір сұхбатында профессор: «Егер шын ұстаз болсаң, ісің алға қарай баса береді. Ешқашан шаршамайсың. Баланың көңілін табу, баланы қуанту, балаға білім беру – үлкен қуаныш»,-дейді.

Әдебиеттің барлық жанрында қалам тербеген Әдібай Табылдының ғылымда бағындырған белестері де тым жоғары.

Қазақ этнопедагогикасының негізін қалаған ұстаздың «Әдеп әліппесі» оқу құралы еліміздің барлық қазақ мектептерінде жеке пән ретінде оқытылады.

Бүгін 21:00-де «Дара жол» хабарын көріңіз. Толығырақ...

Хабарламаларға жазылу