«Дара жолда» - айтыскер ақын Надежда Лушникова - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Дара жолда» - айтыскер ақын Надежда Лушникова

19.03.2016
«Дара жолда» - айтыскер ақын Надежда Лушникова

Қашан да биязы қалпынан танбайтын, киелі сахнада талай жақсымен сөз қағыстырып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген айтыскер ақын Надежда Лушникова бүгінде  қадірлі ана, алқалы әже.

«Орыс елі  өз жұртым,
Қазағым туған ағайым», деп жырлайтын халқымыздың ұлттық салт-дәстүрін бір қазақтай-ақ бағалаған ақын бүгін «Дара жолда» қонақта.

30 жылға жуық өскелең ұрпаққа қазақ тілін үйреткен Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қайраткерінің айтарын 21:00-де Ұлттық арнадан тыңдаңыз. Толығырақ...

Хабарламаларға жазылу