«Дара жолда» - жыршы-термеші, айтыскер ақын Қатимолла Бердіғалиев қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Дара жолда» - жыршы-термеші, айтыскер ақын Қатимолла Бердіғалиев қонақта

16.04.2016
«Дара жолда» - жыршы-термеші, айтыскер ақын  Қатимолла Бердіғалиев қонақта

Қатимолла Бердіғалиев – табиғи талант иесі. Оның кең диапозонды, ырғақты дауыспен салған әндері тыңдаушы жүрегін еріксіз елең еткізіп, жүрегінен жол табады. Оның репертуары да бай.

Қазақтың халық әндері, Мұхиттың, Ғ.Құрманғалиевтің кең тынысты қажет ететін әндерімен қатар, терең философиялық мән-мағынаға толы өткен ғасырлардың Бұхар, Базар, Қашаған т.б. көптеген жыраулардың терме жырлары, халық композиторларының әндері бар.

Әнші, жыршы-термеші, айтыскер ақын,  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қатимолла Бердіғалиев бүгін 21:00-де «Дара жол» хабарында қонақта.

Хабарламаларға жазылу