«Дара жолда» - Әділ Ахметов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Дара жолда» - Әділ Ахметов

09.04.2016
«Дара жолда» - Әділ Ахметов

Өмірінің көпшілігі білім мен ғылым саласында өткен лингвист-ғалым, дипломат, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Ахметов бүгін 21:00-де «Дара жолда» қонақта.

Қоғам қайраткері  1963 жылы Алматы шет тілдері институтының (қазіргі Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) ағылшын тілі факультетін бітірген. Кейін осы институтта оқытушы, аға оқытушы, декан, проректор, ректор  қызметтерін атқарды.

«Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер (салыстырмалы этно-лингвистикалық зерделеу)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.

Әділ Ахметов ұйымдастырушылық қабілетімен танылып, кейін түрлі мемлекеттік қызметтерде болды.  2007 жылдан ҚР Парламенті Сенатының депутаты.

Хабарламаларға жазылу