19-20 наурыз Астанадағы «Қуыршақ» театрында «Наурызбектің хикаясы» атты қойылымның тұсауы кесілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

19-20 наурыз Астанадағы «Қуыршақ» театрында «Наурызбектің хикаясы» атты қойылымның тұсауы кесілмек

11.03.2016
19-20 наурыз Астанадағы «Қуыршақ» театрында «Наурызбектің хикаясы» атты  қойылымның тұсауы кесілмек

12-13 наурыз күндері Астанадағы «Қуыршақ» театрында «Жалқаудың әлегі», ал,  19-20 наурыз күндері «Наурызбектің хикаясы» атты  қойылымдардың премьерасы өтеді.

«Қуыршақ» театры әдебиет бөлімінің меңгерушісі Қуат Ежембектің айтуынша, «Наурызбектің хикаясы»  атты қойылымда қазақы салт-дәстүр, қазақы тұрмыс, өзінің басынан өткен оқиғалар айтылады. Осы театрдың актрисасы Салтанат Мағзым  Наурызбектің әжесінің рөлін сомдайды.

«Жалпы зерттеушілер де, сыншылар да, театр танушылар да қуыршақ театрын кенже дамып келе жатқан өнер түрі деп жатады. Ол рас. Өйткені, қуыршақ театрына қалам мен қағаз әлемінде жүрген ағаларымыз, әріптестеріміз аса көңіл бөліп жатқан жоқ. Бірақ, қуыршақ театры жайлап болсын дамып келеді.  Біздің де алға қойған арман-мақсаттарымыз бар».

«Былтыр Құралай Ешмұратова атындағы I халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлары фестивалі өтті. Оған әлемнің 9 мемлекеттінен театрлар келді. Сол фестиваль барысында «Еуразия папет»  атты  қуыршақ театрлары қауымдастығын құру меморандумына қол қойылды. Қазір солармен тығыз байланыстамыз.  Сол фестивальға келген ресейлік Тамбов театры бізді шақырып жатыр. Енді осы айда Сәкен Жүнісовтің «Атамекен» қойылымын алып бармақ ниеттеміз»,- дейді Қуат Ежембек.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу