Бұл жобалар «Көктемнің барлық бояуы!» атты ұранмен көрініс тапқалы отыр. Оның аясында Ұлттық телеарна көрермендерін жаңа телехикаялармен, тың жобаларымен, сондай-ақ, деректі фильмдер желісімен қуантпақшы. Сонымен қатар, жаңа көңіл көтеретін және қоғамдық бағдарламалар эфирге жол тартпақ.
Көрермендердің көзайымына айналған «Әйел бақыты», «Түнгі студияда», «Бірге таңдаймыз!», «Дара жол», «Айтуға оңай» бағдарламалары түрлі жаңа тақырыптармен толығып, көрермендердің қызығушылығын арттыра түседі.
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының шығармашылық ұжымы да осы бағытта талмай қызмет етуде.
«Қазақстан» РТРК» АҚ Стратегиялық маркетинг департаментінің директоры Е.Тищенко: «Жаңа маусым көрермендерге түрлі сезімдер мен жаңаша әсерлер сыйлайды. Барлық бағдарламаларымыз, ұйымдастырылатын түрлі іс-шараларымыз көктемнің сазды әуенімен ұштасатын болады. Күн сайын телеарнамыздың үлкен ұжымы контентіміздің сапасын жоғарылатып, көрермендердің санын арттыру, жалпы телеарнаны жаңа деңгейге көтеру жолында талмай еңбек етуде. Сонымен қатар, біз Қазақстанның теленарығында бұрын-соңды болмаған жаңа, бірегей, тың туынды жасау үшін еңбектенудеміз. Жаңа маусымдағы бағдарламаларымызды, жобаларымызды көрермендер жоғары бағалайды деген үміттемін», - деді.
«Қазақстан» телеарнасы көрермендерінің көңілі қалаған дүниелерді назардан тыс қалдырмауға тырысады.
Көктемді «Қазақстан» телеарнасымен бірге қарсы алыңыздар!