Ақын, бірнеше жыр жинақтарының авторы – Төлеген Мұхамеджанұлы Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваторияда танымал сазгер Ғазиза Жұбановадан композиция сыныбында дәріс алған.
Төлеген Мұхамеджанов бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта болып, аруларды мерекесімен құттықтады.
«Аруларға гүл берген дұрыс. Бірақ, гүлмен шектеліп қалмау керек. Бірге өмір сүріп келе жатқан соң, жарыңа қолдан келгенше аянбай сыйлық беру керек. Әйел адамы бақытты болса, еркектердің де бақытты күндері көп болады», - дейді Төлеген Мұхамеджанов.