Ұлттық арна «Бақытты сәт» атты жаңа жоба ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна «Бақытты сәт» атты жаңа жоба ұсынады

07.08.2014
Ұлттық арна «Бақытты сәт» атты жаңа жоба ұсынады

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы күзгі маусымда көрермендерге «Бақытты сәт» атты жаңа жоба ұсынбақ.

Қоғамда өмірдің ауыртпалығын көріп, тағдырдың  түрлі сынағына тап болса да, мойымайтын қайсар жандар көп.

Олар өздері бетпе-бет келген қиындықты жеңіп қана қоймай, айналасындағыларға қолынан келгенше жақсылық жасап, айрықша ерік-жігердің, адамгершіліктің үлгісін көрсетіп жүр.

Реалити-шоу көпшілікке  осындай ерекше ерлік, қайсар мінез,  мейірімді жүрек иелерін таныстырып, оларды көпшілікке үлгі етуді мақсат тұтады.

 Жаңа жобаның кейіпкерлерін таңдау үшін ұлттық байқау жарияланады.

Көрермендерге қазіргі заманның батырлары деп атауға лайықты кейіпкерлердің басынан өткізген ең қызықты, әсерлі сәттері таңдалып алынып, ұсынылатын болады.

«Бақытты сәт» оларға естен кетпес қуаныш сыйлайды!    

 

Біздің анықтама:

Жанры: реалити-шоу

Жиілігі: аптасына 1 рет

Бағдарлама саны: 30

Ұзақтығы: 40 минут

 

Хабарламаларға жазылу