Елбасы Н.Назарбаев православие христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады
«Бұл жарқын мереке қоғам өміріндегі жоғары адамгершілік бастамаларды нығайтатын өшпес рухани және моральдық құндылықтарды сақтауға ықпал етеді. Рождество – бұл әлемнің жаңаруының, игілік пен әділдіктің, қайырымдылықтың және көмек пен қамқорлыққа зәру адамдарға шынайы көңіл бөлудің нышаны.
Қазақстанда православие қауымы басқа конфессиялардың қатарында еліміздің өміріне белсене атсалысып, халықтың бірлігіне, қоғамдық келісім мен дінаралық диалогқа баға жетпес үлесін қосып келеді. Мұның барлығы біздің қазақстандық татулық пен жасампаздық, көркею мен даму моделінің негіздерін нығайтуға ықпал етеді. Рождество мерекесінде баршаңызға бақыт, сәттілік пен амандық-саулық тілеймін!»- делінген Елбасы құттықтауда.
Дулат НУРКИН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Туған үш ағайынды бір әскери бөлімде борышын өтеуде
02.05.2026, 20:08
Қауіпсіздігі жоғары композиттік газ баллондары өндіріледі
02.05.2026, 20:07
Балық аулауға уақытша тыйым салынды
02.05.2026, 20:05
Нөсер жауыннан өзендер тасып, екі көпірді шайып кетті
02.05.2026, 20:05
Халықаралық келіссөз: Польшада ұсталған қазақстандық бостандыққа шықты
02.05.2026, 20:02
Қазақ тазысы 2035 жылы әлемдік деңгейде мойындалуы мүмкін
02.05.2026, 20:01
Павлодарда «Бірге еккен бір ағаш» экологиялық акциясы өтті
02.05.2026, 18:49
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
01.05.2026, 20:41