Еуропаның ең үздік автокөлігі атануға үміткер көліктердің тізімі жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропаның ең үздік автокөлігі атануға үміткер көліктердің тізімі жарияланды

26.12.2015
Еуропаның ең үздік автокөлігі атануға үміткер көліктердің тізімі жарияланды

«Еуропаның жыл көлігі» байқауын ұйымдастырушылары биылғы жылдың үздік атвокөлігіне үміткер 7 көліктің тізімін жариялады.

Тізімде еуропаның (Audi A4, Jaguar XE, BMW 7-Series, Skoda Superb, Opel Astra, Volvo XC90) алты көлігімен жапонияның «Mazda MX-5» модельі енген. Жапон көлігі жуырда ғана Жапонияның жыл көлігін атаған еді.

Айта кетейік, өткен жылы «Еуропаның жыл көлігі» «Volkswagen Passat» атанған. Екінші орын –  «Citroen C4 Cactus» және үшінші орын «Mercedes-Benz C-Class» көлігіне бұйырған.

Жеңімпаз көліктің есімі 2016 жылдың 29 ақпанында жарияланады.

Хабарламаларға жазылу