Әлемдегі ең қауіпсіз әуежайлардың тізімі жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі ең қауіпсіз әуежайлардың тізімі жарияланды

03.01.2016
Әлемдегі ең қауіпсіз әуежайлардың тізімі жарияланды

Қауіпсіз әуежайлардың  алғашқы тізімін Сингапурдегі «Чанги» әуежайы бастаған. Бұл әуежайдың  айлағы жолаушыларға ыңғайлы және  Wi-Fi қызметі тегін. Сонымен қатар инфрақұрылымы жақсы дамыған.

Екінші орында Дубай әуежайы. Мұнда  жолаушылардың арнайы тынығуы үшін «Zen Gardens» бағы бар. Сондай-ақ,  тегін жуынуға арналған бөлмемен  жабдықталған.

Үшінші орын Гонконг әуежайына тиесілі. Төртінші орынды алғаш болып  израильдік  Бен-Гурион әуежайы алған.  Ал, бесінші орында жолаушыларды ең көп  тасымалдайтын Сеул-Инчхон әуежайы тұр.

Сингапурдегі «Чанги» әуежайы

Дубай әуежайы

Гонконг әуежайы

Израильдік Бен-Гурион әуежайы

Сеул-Инчхон әуежайы

 

 

Хабарламаларға жазылу