Дипломаттар мен бизнесмендер 2016 жылға арналған біріккен жұмыс жоспарларын айқындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дипломаттар мен бизнесмендер 2016 жылға арналған біріккен жұмыс жоспарларын айқындады

27.02.2016
Дипломаттар мен бизнесмендер 2016 жылға арналған біріккен жұмыс жоспарларын айқындады

Жиында Клубтың ережесі мен 2016 жылға арналған дипломаттар мен бизнесмендердің біріккен іс-шаралар жоспары бекітілді, деп хабарланды Дипломатиялық бизнес клубтың баспасөз қызметінен.

Клубтың жоспарына сай, биылғы наурыз айының соңында дипломатиялық корпус үшін Ақтөбе облысының инвестициялық мүмкіндіктерінің таныстырылымы өтеді. Сондай-ақ шет мемлекеттердің елшілері мен кәсіпкерлері Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарына біріккен сапарларын ұйымдастыру көзделген. Мұның алдында 2016 жылғы 5 ақпан күні «Дипломатиялық бизнес клубтың» аясында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановтың Қазақстан Республикасында аккредитацияланған дипломатиялық өкілдіктердің басшыларымен кездесуі өтті.

Бұл кездесулер мен сапарлардың мақсаты - шетелдік дипломаттарды Қазақстанның аймақтарының инвестициялық әлеуетімен, түрлі экономикалық, өндіріс, әлеуметтік салалардағы инвестициялық жобаларымен таныстыру, ҚР нарығына инвесторлардың кіруіне  қолдау көрсету, қазақстандық кәсіпкерлерге шетелдік әріптестерді табуға қол ұшын созу, отандық компаниялардың тауарлары мен қызметтерінің шетелдік нарыққа жол тартуына көмек көрсету. Бұған дейін өңірлердің таныстырылымдарын өткізуге және Қазақстанның облыстарына сапарларды ұйымдастыру бойынша елшілердің тарапынан бірнеше ұсыныстар айтылып, «Дипломатиялық бизнес клубтың» сұхбаттық алаңы арқылы мұндай мүмкіндік жүзеге асатын болды.

 

Хабарламаларға жазылу