Елордада Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті

22.12.2022

Елордада Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесінің 6-отырысы өтті. Оған Премьер-Министр Әлихан Смайылов, орталық мемлекеттік органдар басшылығы мен дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.

Жиында ведомствоаралық жұмыс топтары биылғы жылға жоспарланған қызметінің қорытындысына тоқталды. Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін ТДМ бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы өңірлік хабын ашу жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасының орындалу барысын қарады.

Сондай-ақ Қазақстанның 2023 жылға арналған Орнықты даму мақсаттарын іске асырудың іс-шаралар жоспары мақұлданды. Ал Шетелдік мамандар республикада жүргізіліп жатқан реформаларға қолдау білдіріп, әлеуметтік-экономикалық саланың негізгі бағыттарын одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар айтты. 

Дархан Рахымжан

Хабарламаларға жазылу