Президент Қ.Тоқаев бюджеттік жоспарлау мәселелеріне арналған жиын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қ.Тоқаев бюджеттік жоспарлау мәселелеріне арналған жиын өткізді

27.08.2019

Президент Үкіметке бюджетті жоспарлаған кезде әр кезеңдегі шығыстарды оңтайландырып, Есеп комитетімен тығыз байланыс орнатуды тапсырды. Премьер-Министр, оның орынбасарлары мен қаржы, экономика салаларына жауапты министрлерді Ақордада жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев үш жылға арналған бюджет жобасының негізгі бағыттарын айқындады. Мемлекет басшысы қаражатты имидждік және консалтингтік шараларға емес, әлеуметтік-экономикалық жағынан тиімді жобаларға жұмсауды жүктеді. Сондай-ақ қазынаның әр тиынына бақылауды күшейту керек екенін айтты.

Альбина ӘШІМ 

 

Хабарламаларға жазылу