Реставратор – жауапкершілігі жоғары мамандық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Реставратор – жауапкершілігі жоғары мамандық

25.02.2016
Реставратор – жауапкершілігі жоғары мамандық

Суретші Шолпан Тұрсынбай орталық музейде көне жәдігерлерді қалпына келтіруші маман болып жұмыс істейді.

«Шамамыз келгенше автордың қолтаңбасына зиян келтірмеуге тырысамыз. Тек бүлінген жерімен ғана жұмыс істейміз»,-дейді реставратор.

Музейдегі маңызды жұмыс – көне жәдігерлерді сақтау. Олардың арасында картиналар, тарихи құндылығы бар құжаттар мен археологиялық қазба жұмыстары негізінде табылған қыш құмыралар және танымал тұлғалардың тұтынған бұйымдары бар.

«Біз 365 экспонатты қалпына келтірдік. Олардың ішінде зергерлік бұйымдар басым келеді»,-дейді Шолпан Тұрсынбай.

Ал, Асан Құрақбаев археологиялық қазба жұмыстарынан табылған қыш құмыраны қалпына келтіріп отыр. Ол жұмысты бастамас бұрын алдымен экспонатпен танысып шығады. Ізденіп, кітаптағы суреттермен салыстырып, ою-өрнектері мен таңбаларына қарап, қай дәуірдің ескерткіші екенін анықтайды.

«Қол дәуірінің жәдігерлері Қазақстанның оңтүстік, солтүстік өңірлерінен табылған. Сынған жерлерін гипспен толтырып, желімдеп қалпына келтіреміз. Жұмыс біткен соң, қорға тапсырамыз»,-дейді ол.

Толығырақ - «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу